«Қырғыздар Кенесары ханға еш қиянат жасаған жоқ» – Садыр Жапаров

Азиз Қалижан Редактор
15.05.2025, 15:35
847
«Қырғыздар Кенесары ханға еш қиянат жасаған жоқ» – Садыр Жапаров vb.kg

Мен қазаққа жиенмін дейді Жапаров.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстан президенті Кенесары хан туралы жарияланған видеоға пікір білдірді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Кенесары хан туралы тараған бейнероликке байланысты желіде жазба жариялады. Бұл туралы қырғыз басшысының Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды. 

Оның жазуынша, «қырғыздар қазақ халқына қарсы сыртқы күштермен бірігіп әрекет етті деген сияқты ойға келмейтін тұжырымдар жасау арқылы» бейнеролик авторы тарихи фактілерді әдейі бұрмалаған. 

Жапаров бейнероликте бұрмаланған деп санайтын бірнеше тарихи сәттерге тоқталған.

«Ол (Кенесары хан – ред.) нағыз батыр болған. Алайда оның қырғыз жеріне кіріп, тиісті тойтарыс алғанын жоққа шығаруға болмайды», – деп жазды Жапаров.

Ол ханның әскері жеңіліске ұшыраған Кенесары мен қырғыздың Ормон ханы арасындағы келіссөздер мазмұны мен қазақ-қырғыз қақтығысының мәнін негізге алған.

«Дала мен таудың лайық жауынгерлері тоғысқан ашық шайқаста Ормон хан жауын жеңіп, нағыз жеңіске жетті. Ешқандай қиянат жасаған жоқ», – дейді Қырғызстан басшысы.

Оның айтуынша, Кенесары ханның басы Ресейге жеткізілгені орыстар оның өліміне сенбегеннен.

«Кенесары Омбыдағы орыс гарнизондарына да шабуыл жасады, сондықтан делегация «Мәйітті бізге сараптамаға беріңіздер, оны Омбыға алып кетеміз» деген өтінішпен келеді. Осылайша Кенесарының басы алдымен Омбыға, кейін Петербургке жеткізілді».

Қырғызстан президенті екі ұлт өкілдері, әсіресе, жастар мұндай арандатушылықтың құрбаны болмайды деп үміттенетінін жазған.

«Біз ғасырлар бойы нығайып келе жатқан жақындықты, құда-жекжаттық, туыстық қарым-қатынасты мақтан тұтуымыз керек. Мен, мысалы, мұны мақтан тұтамын. (...) Мен белгілі бір дәрежеде қазақ халқының жиенімін», – дейді Жапаров.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды